Қ.Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырмалар берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырмалар берді

11.02.2020

Қорғаныс министрлігі жүргізілген талдау жұмыстары мен штабтық-ұйымдастыру шараларынан биыл 10 миллиард теңге үнемдеген. Бүгін Президент қабылдауында болған ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев осыны айтты. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қарулы Күштерді дамыту, армияны заманауи қару-жарақпен жабдықтау және электронды әскери комиссариат жобасын енгізу үдерісі туралы айтты. Кездесуде Арыста болған төтенше жағдайдың салдарын жою және оқ-дәрі сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстарына мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге салаға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу