Жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарды Қонаев тұрғындары қалай қабылдады?
Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері оқытыла бастады. Биыл Алматы облысында 36 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Жаңадан құрылған өңірдегі 424 мектепте 330 мың бала оқиды. 3 ауысымда оқытатын 54 мектеп бар. Білім ошақтарында 31 мыңнан аса мұғалім дәріс береді. Сондай-ақ биыл алғаш рет қазақ тілінде оқитын бірінші сынып оқушыларына орыс тілі сабағы болмайды. Олар оны тек екінші сыныптан бастап үйренеді. Қонаев қаласының тұрғындары бұл өзгерістер білім сапасына оң әсерін тигізетінін айтып, мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға сәттілік тіледі.
Қамажай Тазабекова, ата-ана:
Талай ғалым, жазушы осы балалардан шығады ғой. Болашағымыз – балалар. Балаларымыз аман болсын, болашағы жарқын болсын!
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30