Бішкекте ЕАЭО елдеріндегі бірқатар мәселе талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкекте ЕАЭО елдеріндегі бірқатар мәселе талқыланды

25.08.2022

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары кездесті. Олар ортақ газ нарығын құру мен өнеркәсіп кооперациясы және алкоголь нарығын реттеу мен электрондық сауда кезінде салық салу мәселелерін талқылады.

Шараға бес мемлекеттің Премьер-Министрлері қатысып жатыр. Жиында Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім жобасы, көлік саласындағы басымдыққа ие инфрақұрылымдық жобалар тізбесі сөз болды. Сондай-ақ, одаққа мүше елдердің ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысы, өзара сауда кезінде ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту жөніндегі шаралар қаралды. Бұдан бөлек, Қазақстанның Премьер-Министрі делегация басшыларымен бірге Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуге қатысты.


Хабарламаларға жазылу