ЕАЭО студент жастар арасында талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО студент жастар арасында талқыланды

07.06.2014
ЕАЭО студент жастар арасында талқыланды
Интеграцияны түбегейлі жүзеге асыратын және оның жемісін көретін жастар. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп кейінгі буын өкілдеріне зор сенім білдіргені мәлім. Сондықтан экономикалық одақтың мәні мен маңызы жайлы жастарға түсіндіріп, талқылаудың маңызы зор.
 
Қостанайда «Нұр Отан» партиясының мобильді тобы медицина колледжі студенттерімен осы тақырыпта кездесу өткізді. Экономистер мен басқа да сала мамандары оқу орны ұжымы мен шәкірттеріне еуразиялық интеграцияның басты бағыттары жайлы әңгімеледі.
 
Ғабит Құсайынов, «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған мобильді топтың мүшесі:
Қазақстан осы одаққа өте мүдделі. Экономикалық одақ негізі - басқа мемлекеттерді тартып, халықаралық экономикалық ортаға айналдыруды көздеп отырмыз.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу