ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

14.10.2022

Еуразиялық экономикалық Одақ аясында бірлескен кәсіпорындар ашу маңызды. Интеграциялық жобаларға кем дегенде 3 мемлекет қатысуы керек. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы айтты. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен басқосуда елдер арасындағы транзиттік тасымал, ішкі нарықты қорғау шаралары мен комиссия шешімдеріне қатысты мәселелер талқыланды. Әлемдік аренада Одаққа қатысушы елдер экономикасының үлесі небәрі 2 пайыз ғана. Ал өңдеу өнеркәсібі бұдан да төмен. Кейбір компаниялардың зияткерлік мүмкіндіктері бар, біреудің шикізаты бар. Демек күш біріктіру керек, - дейді комиссия алқасының төрағасы. Одан кейін мәселелерді реттеу үшін аз ғана әкімшілік ресурс қажет болады. Сонымен қатар, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мәселесі де қаралатын болады.

Михаил Мясникович, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

Маған «Атамекен» палатасымен жұмыс істеген ұнайды. Себебі, бизнес өкілдері нақты сұрақтар қояды. Бірден шешу жолдарын ұсынады. Бұл өте жақсы. Санкция салдарынан қазір мемлекеттер ішкі нарықты сақтап қалуға тырысып жатыр. Бұл басқа елдегі серіктес шаруашылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазір кедергісіз ортақ нарық құруға күш салуымыз керек.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу