Мұнай экспорты: Қара алтын тасымалының балама жолы пайда болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай экспорты: Қара алтын тасымалының балама жолы пайда болмақ

25.08.2022

Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға қатысты бүгін Қазмұнайгаз өкілдері мәлімдеме жасады. Айтуларынша ондағы үш мұнай құю айлақтарының екеуі жұмысын тоқтатса да, қара алтын тасымалына айтарлықтай кедергі келтіріп жатқан жоқ. Жұмыс штатты режимде жалғасып жатыр. Естеріңізде болса, қазақ мұнайын Еуропаға айдайтын Новороссийскідегі құрылғылардан ақау шығып, консорциум жұмысын ішінара тоқтатқан еді. Бұдан бөлек, Қазмұнайгаз өкілдері еліміздің мұнайын Әзірбайжан арқылы экспортқа шығару мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

Дәурен Қарабаев, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары:

Әзербайжандық тараппен қазақстандық мұнайды тасымалдау бойынша мемлекеттік және ұлттық компаниялар деңгейінде де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзербайжанда екі мұнай құбыры бар - Баку-Тбилиси - Жейхан және Баку-Супса. Олар қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу