Болат Ақшолақов қазақстандықтарды дизель нарығында қолдан дүрбелең туғызбауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Ақшолақов қазақстандықтарды дизель нарығында қолдан дүрбелең туғызбауға шақырды

25.08.2022

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандықтарды дизель нарығында қолдан дүрбелең туғызбауға шақырды. Сөзінше, жанармай тапшылығын болдырмау үшін тұрақты комиссия жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, ірі жанар-жағармай бекеттеріне сенім телефонын іске қосуды тапсырғанын жеткізді. Бұдан былай, халықтың емес қалтасының қамын ойлайтындарға бақылау күшеймек. Қазір, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тексеру жүйесін жасақтап жатыр.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

Біз қыркүйек айының 15-не дейін арнайы платформа енгіземіз. Бұл АЗС-тің өтетін жанар-жағармай көлемі, бағасы барлығы тіркеледі онлайн режимінде деген сөз. Және бұл сала комитеті болсын, бәсекелестікті қорғау агенттіктері болсын оның бәрі бір системада болады. Өте анық болады. Қай жерде қанша кетті бақыланады.


Хабарламаларға жазылу