«Айбоз» әдеби сыйлығы: Ұлттық байқау жүлдесі 5 млн теңге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбоз» әдеби сыйлығы: Ұлттық байқау жүлдесі 5 млн теңге

24.08.2022

Әдетте елдегі байқауларды естімедік, білсек қатысатын едік деп жатасыздар. Міне, мүмкіндік! 5 млн теңге ұтып алғыңыз келсе, «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтініш беріңіз. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. 7 номинация бойынша өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті, аударма жанрларымен қатар, комикс авторлары да бақ сынай алады. Жас ерекшелігіне ешқандай шектеу қойылмаған. Өтінішті 1 қазанға дейін беруге болады.

Қуат Бораш, Мәдениет және спорт министрлігінің комитет төрағасы:

Негізгі талап жаңа дүние болуы керек. Бұрын еш жерде жарияланбаған. Ал тақырыптық мазмұны жағына келсек, біздің негізгі мақсатымыз – ол біздің Қазақстандық отаншылдықты, жалпы елге деген сүйіспеншілік, әлемдегі келіп жатқан үлкен жаңашыл өзгерістердің барлығын сол оқиғалар арқылы, өзінің шығармалары арқылы жеткізу.


Хабарламаларға жазылу