Украинада қарулы қақтығыстың жүріп жатқанына тура алты ай. Сонымен бірге ел бүгін тәуелсіздік мерекесін атап өтеді. Бірақ мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Себебі Украина билігі бүгін Ресей шабуылды күшейтуі мүмкін деп мәлімдеді. Қалаларда коменданттық сағат енгізіліп, қауіпсіздік мейлінше күшейтілді. Екінші «Қырым форумы» саммитінде Украина президенті Владимир Зеленский қазіргі жағдайда Киев атысты тоқтатпайтынын және Ресеймен қандай да жаңа келісімдерге бармайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл тек территориядан айырылуға әкеп соғады. Батыс елдері Украинаға әскери көмек көлемін ұлғайтты. Атап айтқанда, АҚШ 3 млрд доллар, Германия 500 млн еуро бөлмек. Ал жарты жылда Киев қарулы қақтығысқа 11 млрд 400 миллион доллардан астам қаржы жұмсаған.