Қарағанды облысында әкімдік қызметкерлері жолға бөлінген қаржыны жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында әкімдік қызметкерлері жолға бөлінген қаржыны жымқырған

24.08.2022

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент өкілдері Молодежный кенті әкімдігінің жауапты қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша жол салу кезінде бюджет қаржысын жымқырған болуы мүмкін деп айыпталып отыр. Кент көшелеріне өткен жылы ғана 445 миллион теңгеге 13 шақырым асфальт төселген. Алайда бүгінгі күнге дейін су жаңа жол екі мәрте қайта жөнделген. Бірақ бұл жұмыстар сметалық құжатта көрсетілмеген. Мамандар жолдың сапасына ауыр жүк көліктерін кінәлап отыр. Үлкен техникалар жүру үшін асфальт қалың қабаттардан тұруы тиіс. Ал мұндағы жол жабындысы 4 сантиметр ғана дейді олар.

Светлана Ионова, Молодежный кенті әкімі аппаратының бас маманы:

Бізде жүк көліктері көп жүреді, сондықтан жол көпке барған жоқ. Жол белгілерін қойып, олардың жүруіне тыйым салатынын да айтамыз, бірақ ескеріп жатқан ешкім жоқ. Полицейлермен бірлесіп жұмыс жүргізбесе, нәтиже болмайтын сияқты.

Малика Күсенбаева, «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

Кент тұрғындары жергілікті жолдың сапасын тексеру туралы өтініш жасаған. Тексеруге СЖҚ қызмет қосылды. Жол сапасына қатысты сәйкессіздіктер анықталды. Және де бірқатар қылмыстық істер қозғалды.


Хабарламаларға жазылу