Орталық Азия волонтерлерінің форумы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия волонтерлерінің форумы аяқталды

19.08.2022

Елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізуге волонтерлер тартылады. Ерікті жастар дінаралық диалогты, бейбітшілік пен келісімді кеңінен дәріптейтін шараны өткізуге көмектеседі. Съезге әлемнің 51 елінен 100-ден астам делегация қатысады деп жоспарланған. Бұл жайында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық Азия волонтерлері форумының қорытынды сессиясында мәлімдеді. Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға 500-ден астам волонтер жұмылдырылып отыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Сіздердің жұмыстарыңыз жақсылық пен мейірімділікке деген сенімді күшейтеді. Қиын жағдайда көмек қолын созатын, жүрегі кең жандардың табылатынына сену адамға ерекше рух береді. Осындай құндылықтарды дәріптей отырып, сіздер бүкіл қоғамды өзгертесіздер. Сондықтан елдегі волонтерліктің деңгейі қоғамның кемелдену көрсеткіші деп айтуға толық негіз бар.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу