Ақтауды көгалдандыру үшін жаңа жүйе енгізілді
Бұдан былай жасыл желек автоматты түрде суарылады. Ол үшін шаһарға 120 шақырым құбыр жүргізіледі. Қазір бұл жұмыстар басталды. Жыл соңына дейін 50 шақырымдай құбыр тартылмақ. Содан соң оларға автоматтандырылған суару жүйесі орнатылады. Бұл суды үнемдеп, жұмысшылардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған дейінгі мердігер компаниялардың жасыл желекті көлікпен суару жұмысы тиімсіз болған. Салдарынан талдар қурап, тұрғындардың шағымы көбейген. Қазір Ақтауда 62 мың түп тал бар. Биыл тағы 5 мыңға жуық ағаш егілген.
Нұрдәулет Қилыбай, Ақтау қаласының әкімі:
Бәсекелестік ортаға берілгенде әуелі конкурс мүмкіндігі шектеулі жандардың ортасында өткізілді. Сол жерден ақсаған жерлеріміз болды, оны жасырмаймыз. Қазір мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принципімен 5 жылға бердік. Көлікпен емес, құбыр арқылы суару жүйесіне өтуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24