Ердоған, Гутерриш, Зеленский Украинадағы жағдайды талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған, Гутерриш, Зеленский Украинадағы жағдайды талқылады

19.08.2022

Украинаның Львов қаласында үшжақты саммит аяқталды. Онда президент Владимир Зеленский, түркиялық әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен елдегі жағдайды талқылады.

Келіссөздер барысында Украинадағы әскери жағдайды тоқтату жолындағы диалогты қайта жандандыру, тұтқындар алмасу, азық-түлік пен астық экспортын қауіпсіздендіру мәселелері қозғалды. Кездескендер Запорожье атом электр станциясы төңірегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы жетекшісінің ойынша, оның маңынан әскер мен қару-жарақ әкетілуі керек. Ресей армиясы бұл станцияны ақпанның 24-інен кейін басып алды. Зеленскийдің сөзінше, ресейліктер АЭС-ті Украина әскеріне шабуыл жасайтын позицияға айналдырып алған. Алайда Мәскеу мұны үнемі жоққа шығарып келеді.

Хабарламаларға жазылу