Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні

29.10.2023

Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы осындай шешім қабылдап, тиісті өкім шығарды. Елдің барлық аймағында мемлекеттік ту бір мезетте төмен түсіріліп, ойын-сауық хабарлар тоқтатылды. Бұл - Қазақстан тарихындағы он үшінші, ал осы жылдағы екінші қаралы күн.

Осы 13 трагедияның 3-не «Арселлор Миттал»-ға қарасты кен орындарында болған апаттар себеп. Алғаш рет Қазақстан 2006 жылы Қарағанды облысы Шахтинсктегі Ленин атындағы шахтадағы техногендік апаттан 41 адам қаза тапқанда қара жамылған еді. Бұл жолғы оқиға да көлемі мен зардабы жағынан өте ауыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Костенко атындағы шахтадан құтқарушылар бүгін кешке 43 адамның мәйітін шығарды. Тағы 3 кенші іздестіріліп жатыр. Ал төтенше жағдай кезінде жер астында 252 кенші жұмыс істеп жүрген. Кезекші дабыл қаққан сәтте 206-ы сыртқа шығып үлгерген. Құтқарушылар кешелі бері дамыл таппай жұмыс істеп жүр.


Хабарламаларға жазылу