Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 149 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 149 адам көз жұмды

04.08.2021

Енді елдегі эпидахуалға ойыссақ. Пандемия бастағалы елімізде індеттен қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асты. Ал, кеше бір күннің өзінде 149 науқас көз жұмған. Жалпы Қазақтандағы эпид жағдай өте күрделі. Қазір Түркістан облысы ғана «жасыл» аймақта. Қалған облыстар «қызылдан» шыға алмай тұр.

Күн сайын вирус жұқтырғандар артып жатыр. Кеше тағы 7 519 адам ауруға шалдықты. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 471 адам шалдыққан. Қазір 107 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 530 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу