Оңтүстік Кореяда боран салдарынан әуе рейстері шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда боран салдарынан әуе рейстері шегерілді

24.01.2023

Оңтүстік Кореяда Ай күнтізбесі бойынша жаңажылдық мерекенің соңғы күні қар борап, көлік қатынасы тежеліп жатыр. Салдарынан миллиондаған адам сапарға шыға алмай қалды. Ал «Йонхап» агенттігінің хабарлауынша, елдің солтүстігінде күн - 25 градусқа дейін суытқан. Қолайсыз ауа райына байланысты Чеджу әуежайында 466 ішкі және 10 халықаралық рейс тоқтатылды. «Корея әуе жолдары» компания болса, 88 ұшақтың сапарға аттанбағанын мәлімдеді. Айта кетейік, Жаңа жыл - бұл мемлекеттегі ең басты мерекелердің бірі.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу