Мексикада шахтада қалып қойған кеншілерді құтқару мүмкін болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада шахтада қалып қойған кеншілерді құтқару мүмкін болмай тұр

16.08.2022

Мексикада екі аптадан бері шахтада қалып қойған 10 кеншіні шығару мүмкін болмай жатыр. Себебі жер асты суының деңгейі көтеріліп кеткен. Бұл жағдай оларды құтқару операциясын қиындатып жіберді.

Айта кетейік, тамыздың 3-і күні қазу жұмыстары кезінде шахтада туннель қабырғасы опырылып, бірден су тасқыны басталған еді. Сол кезде кеншілер сыртқа шыға алмай қалды. Ал өткен аптада мамандар шахтадағы су деңгейін азайтқанымен, одан түк нәтиже шықпай отыр.

Хабарламаларға жазылу