Алматыда мұқтаж отбасылардан шыққан 20 мың оқушы материалдық көмек алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мұқтаж отбасылардан шыққан 20 мың оқушы материалдық көмек алады

16.08.2022

Алматыда мұқтаж отбасылардан шыққан 20 мың оқушы материалдық көмек алады. Мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін бір балаға жергілікті бюджеттен 43 мың теңге жұмсалмақ.

20 мың оқушы материалдық көмек алады

Көмекті жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен және мұқтаж отбасынан шыққан оқушылар алады. Бұл үшін оқушының ата-анасы немесе заңды өкіл eGov немесе халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы өтініш беруі қажет. Тізім оқу жылында бір-ақ рет жасалады. Сондай-ақ, демеушілердің есебінен 4 мыңнан аса мектепке қажетті заттары бар сөмкелер сатып алынған. Бұл «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Қазір аудандық білім бөлімдерінде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда.

Хадиша Әуелбекова, көпбалалы ана:
Оқу құралдары бар, қандай көмек болса да соны алып жатырмыз. Шынын айтқанда өте ризамыз. Осындай қайырымдылық іс-шаралар көп болса екен. Көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға соның бәрі бізге үлкен жәрдем.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу