Жаңаөзенде қару дайындау және сатумен айналысқандар 4,5 жылға сотталды
Жаңаөзен қаласында қару дайындаумен және сатумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі өтті. Жергілікті аудандық сотының шешімімен айыпталушылар 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы орган Жаңаөзенде қару-жарақ дайындайтын жасырын цехты жою бойынша наурыз айында арнайы операция жүргізген болатын. Қылмыстық топ техникалық жөндеу орталығында тапсырыспен атылмайтын қаруды жауынгерлік қаруға айналдырған. Оған қоса көлеңкелі бизнестері қарқынды жүрген топтың әлеуметтік желілерде кең таралған клиенттік базасы болған.
Аркен Абдуғали, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті уақтылы қабылдаған шараларының нәтижесінде олардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Операция барысында 4 жауынгерлік «Калашников» автоматы, өздігінен оқталатын 1 «Симонов» карабині және 48 оқ-дәрі тәркіленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06