Таразда пәтер алаяғы тұрғындардан 14 миллион теңге алған
Таразда пәтер кезегін жылжытып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқ ұсталды. Ол тұрғындардың сеніміне кіріп, 14 миллион теңгеден аса қаржыны иемденіп кеткен. Қалалық полиция басқармасына бірнеше тұрғыннан арыз түскен. Олар баспана алу үшін кезекті жылжытып беремін деген әйелге сеніп, қомақты қаражат ұсынғандарын айтқан. Алайда күдікті ақшаны алған соң байланысты үзген. Жедел іздестіру шараларының арқасында 32 жастағы тұрғын ұсталды.
Жанерке Әзімхан, қалалық Полиция басқармасының ресми өкілі:
Аталған азаматша өз кінәсін толық мойындап, қамаққа алынды. Полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 190-бабы алаяқтықпен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06