Қырымдағы жарылыстан 1 адам қаза тауып, жетеуі жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымдағы жарылыстан 1 адам қаза тауып, жетеуі жараланды

10.08.2022

Ресей аннексиялаған Қырымның Сақ ауданы НовоФедёровка ауылында сейсенбі күні бірнеше жарылыс болды. Соңғы мәліметке қарағанда 1 адам қаза тауып, жетеуі жараланған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша кемінде 12 дүмпу естілген. Осыған байланысты жақын маңдағы үйлерден 30 шақты адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылыстар Ресей әуе-ғарыш күштерінің аэродромында болды. Онда «С-400» зымыран кешені мен көптеген әскери ұшақ шоғырланған.

Мәскеудің мәлімдеуінше оқиғаға - өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себепші. Украина болса жарылыстардың неден басталғанын білмейтінін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу