Нидерландыда көлік тиелген кеме жағалауға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландыда көлік тиелген кеме жағалауға жеткізілді

01.08.2023

Нидерландыда мыңдаған автомашинасымен отқа оранған кеме портқа жеткізілді. Мұндай шешім өзге кемелердің жолын бөгемеу үшін қабылданып отыр. Германиядан Мысырға аттанған жүк тасушы паром шілденің 26-да өртенді. Оның бортына 3738 көлік тиелген. Солардың 500-ге жуығы электромобильдер. Тағы бір айта кететін жайт, бұл апаттан 1 адам қаза тауып, жетеуі жараланды.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, экипаждың 21 мүшесінің барлығы Үндістан азаматтары.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу