Батыс Қазақстанда күдіктілер ұсталды
Батыс Қазақстанда белгілі кәсіпкерді өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасаған екі күдікті ұсталды. Бұған дейін 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Амангелді Тұрланға іздеу жарияланған еді. Олар шаһардағы орталық саябақ маңындағы дәмханада ер адамды өлтіріп, оқиға орнынан жылдам ізін суытқан деген күдікке ілінді. Екеуінің қашып бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Айта кетейік, кісі қолынан қаза тапқан 49 жастағы кәсіпкер Ерлан Мұқанғалиев - бірнеше мейрамхананың иесі.
Лунара Аманғалиева, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы:
Күдікті кәсіпкердің қарамағында жұмыс істеген. Уақтылы жалақысы төленбегені үшін араларында жанжал басталған. Жанжалдың арты осы оқиғаға ұласты. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған азаматтың деструктивті діни ағымдарға қатыстылығы анықталған жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06