Шымкентте екі жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте екі жасар бүлдіршін терезеден құлап кетті

04.08.2022

Шымкентте екі жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Оқыс оқиға «Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бала үлкендердің қарауынсыз қалған. Бес қабатты баспананың екінші қабатынан құлаған бүлдіршін қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайы ауыр екенін айтады. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлер анықтап жатыр. Айта кетейік жыл басынан бері Шымкентте 4 бала терезеден құлады. Барлық жағдайда ата-аналары балаларды қараусыз қалдырып кеткен.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу