Қарағанды облысында 2 бала терезеден құлап кетті
Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті. Оқыс жағдайдың бірі Балқаш қаласында болған. Төрт жасар бала 5- қабаттан құлап түскен. Бүлдіршін аман, бірақ ауыр жарақатпен жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның миы шайқалып, жағы және оң жамбасы сынған. Ал Қарағандыда екі жастағы нәресте екінші қабаттан құлап кеткен. Дереу балалар клиникасына жеткізілді. Жалпы күн жылынғалы ата-аналардың қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарауы салдарынан өңірде 5 бала осындай жағдайға душар болды. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға ақпараттық парақтарды таратқан. Бұған қоса мобильдік қосымша арқылы да ескерту хабарламалары да жіберіліп тұрады.
Рұслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы олимпиада алауы Грекиядан Италияға жеткізілді
05.12.2025, 13:22
Петропавлдық азамат ретро көлік коллекциясын жинайды
05.12.2025, 13:20
Балаева: Волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты
05.12.2025, 13:17
Павлодарда «Жасыл квиз» іс-шарасы өткізілді
05.12.2025, 13:15
«Жас Сарбаз» қозғалысының құрамы 286 мыңға жетті
05.12.2025, 13:09
Қазақстан контингенті Голан жоталарын минадан тазалауда
05.12.2025, 13:06
Астанада ұстаздар арасында алғаш рет Bridge hub өтті
05.12.2025, 13:03
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді
05.12.2025, 10:45