Бұл туралы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен басқосуда аталған музейдің директоры Дархан Мыңбай айтты. Оның айтуынша, 12847 жәдігер көрмеге келушілердің назарына ұсынылған.
Сондай-ақ, Ұлттық музей ұжымы алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі көрме, байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.
Бұл – қазақтың еңселі елордасының заманауи тәсілмен жасалған үлгісі. Музейге келушілердің көзайымына айналған да Астана туралы айшықты зал.
Бұдан бөлек, мұнда қазақтың мәдени-тарихи мұралары мен бабалардан қалған көне жәдігер көп.
Алмат ӘБДІРАМАН