Алматыдағы орталық музейде Ұлттық домбыра күніне орай кеш ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы орталық музейде Ұлттық домбыра күніне орай кеш ұйымдастырылды

30.06.2023

20-ға жуық күйші, жыршы ақындар ән мен жырдан шашу шашты. Алматыдағы орталық музейде Ұлттық домбыра күніне орай кеш ұйымдастырылды. Шарада белгілі ақындардың айтысынан үзінді және ұмыт болып бара жатқан термелер мен халық әндері шырқалды. Сондай ұлы тұлғалардың домбырасы қойылған көрме ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Осыдан тура 5 жыл бұрын Домбыра күні ұлттық мерекелер қатарына енді. Содан бері аталған датаны тойлау игі дәстүрге айналды. Мерекеге орай Алматыдағы орталық музейге танымал күйші, жыршылар жиналды. Өнерпаздар Жамбыл мен Үмбетәлі айтысынан үзінді және ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды, халық әндерін шырқап жатыр.

Жылбек Бәшекұлы, ақын, жыршы:

Бұл шараның маңыздылығы келер ұрпаққа қазақтың қара домбырасын аяқ асты қылмау, төрде тұрған домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу. Жоғары баға бергізу ұрпақтың, көкейіне сіңдіре білу. Бұл домбыраның себебінсіз ешқандай жыр туындылар тумаған.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Шараға қатысушылардың арасында халыққа танымал, дүлдүл ақын, жыршылардың ұрпақтары бар. Қазақтың ұлттық мұрасын жалғап, насихаттап жүрген күйшілер домбыраның құлағында ойнап, жиналған жұрттың делебесін қоздырды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Орталық музейдің қорында бүгінде 300 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың арасында ең бағалыларының бірі түп тұсқада сақталған Әмре Қащаубаев , Ахмет Жұбанов сынды белгілі тұлғалардың домбыралары бар. Құнды музыкалық аспаптар мерекеге орай келушілер назарына ұсынылды.

20-ға жуық күйші, жыршы ақындар ән мен жырдан шашу шашты. Алматыдағы орталық музейде Ұлттық домбыра күніне орай кеш ұйымдастырылды. Шарада белгілі ақындардың айтысынан үзінді және ұмыт болып бара жатқан термелер мен халық әндері шырқалды. Сондай ұлы тұлғалардың домбырасы қойылған көрме ұйымдастырылды.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Осыдан тура 5 жыл бұрын Домбыра күні ұлттық мерекелер қатарына енді. Содан бері аталған датаны тойлау игі дәстүрге айналды. Мерекеге орай Алматыдағы орталық музейге танымал күйші, жыршылар жиналды. Өнерпаздар Жамбыл мен Үмбетәлі айтысынан үзінді және ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды, халық әндерін шырқап жатыр.

Жылбек Бәшекұлы, ақын, жыршы:

Бұл шараның маңыздылығы келер ұрпаққа қазақтың қара домбырасын аяқ асты қылмау, төрде тұрған домбыраның қадір-қасиетін дәріптеу. Жоғары баға бергізу ұрпақтың, көкейіне сіңдіре білу. Бұл домбыраның себебінсіз ешқандай жыр туындылар тумаған.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Шараға қатысушылардың арасында халыққа танымал, дүлдүл ақын, жыршылардың ұрпақтары бар. Қазақтың ұлттық мұрасын жалғап, насихаттап жүрген күйшілер домбыраның құлағында ойнап, жиналған жұрттың делебесін қоздырды. Орталық музейдің қорында бүгінде 300 мыңнан астам жәдігер бар. Олардың арасында ең бағалыларының бірі түп тұсқада сақталған Әмре Қащаубаев , Ахмет Жұбанов сынды белгілі тұлғалардың домбыралары бар. Құнды музыкалық аспаптар мерекеге орай келушілер назарына ұсынылды.


Хабарламаларға жазылу