Абайдың 175 жылдығына орай суретшілер көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың 175 жылдығына орай суретшілер көрмесі өтті

07.02.2020

«Абай. Уақыт. Өнер». Осындай атпен Семейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай суретшілер көрмесі өтті. Көрмеге бейнелеу өнері шеберлерінің әр заманда салған шығармалары қойылған.

Бүгінде ақын атындағы музейде Абай мен оның дәуіріне қатысты 19 мыңнан аса жәдігер бар. Оның 900-ден астамы қылқалам туындылары. Көрмеден Абайдың бала бейнесінен бастап, отбасы мүшелерін, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның да кескіндерін көруге болады. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу