Қазақстан мен Татарстан мұражай саласындағы ынтымақтастықты бекітпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Татарстан мұражай саласындағы ынтымақтастықты бекітпек

31.01.2023

Қазақстан мен Татарстан мұражай саласындағы ынтымақтастықты бекітпек. Қазан қаласында орналасқан ұлттық музейде қазақ-татар халықтарына ортақ құнды жәдігерлер ұсынылды. Жалпы 940 мыңнан астам бағалы зат бар. Еліміздің музей қызметкерлері осында тәжібиеден өтіп, біліктілігін шыңдады. Басты мақсат – жергілікті тұрғындарды Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру.

Светлана Измайлова, Татарстан ұлттық музейі бас директорының орынбасары:

Қазақ халқының тарихына қызығушылық жоғары. Сондықтан арнайы бөлім осыған арналған. Музей экзпозицияларында қазақ халқының ерекше киім үлгілеріне тоқталдық. Тіпті арнайы еңбек те шығардық. Осы жылы әріптестікті жаңа деңгейге көтерсек деп отырмыз.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу