Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылады
Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылдың 1-қаңтарына дейін ұзартылады. Бірақ бұл бизнес мүлдем тексерілмейді дегенді білдірмейді. Ұлттық экономика министрлігі Президент жарлығына толықтырулар әзірлеп жатыр. Жеке тексерулерді қоспағанда мемлекеттік органдардың 2023 жылдан 24 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындау мүмкіндігін алып тастау көзделіп отыр. Бірақ, заңнаманы елемей, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, қоршаған ортаға қауіп төндірсе әрі тұтынушылардан арыз-шағым түссе арнайы органдар тексеріс жүргізуге құқылы.
Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
Атамекеннің ұсынысы болды осы мораторийді ұзарту бойынша. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша реформа жүргізіліп жатыр. Бұл жаңа реттеушілік саясат. Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлерге жүргізілетін реттеудің барлығы жаңадан қарастырылып жатыр. Осыған байланысты мораторий ұзартылып жатыр.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36

Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне 60-қа жуық елден делегация келеді
06.09.2025, 18:02
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58