Басты Жаңалықтар Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында 11 көлік қақтығысты

Ақмола облысының Аршалы ауданы аумағында 11 көлік қақтығысты

Алдын ала ақпарат бойынша жүк көлігі аударылған. Соның салдарынан оның артында келе жатқан автокөліктер көру деңгейі төмен болғандықтан бір-біріне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Олар Астана қаласының денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізілді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Бөлісу