Скаут қозғалысының мүшелері Бурабайда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Скаут қозғалысының мүшелері Бурабайда бас қосты

22.07.2014
Скаут қозғалысының мүшелері  Бурабайда бас қосты

Скаут қозғалысының мүшелері  Бурабайда бас қосты. Әлемнің 18 елінен келген жастар  кеше табиғат аясында  шатырларын орнатып, өз елдерінің туларын тікті.

Қытай, Венгрия, Ресей, Украина, Жапония тағы басқа мемлекеттерден келген қонақтар алғашқы күні бір-бірімен танысып, өз елдерінің салт-дәстүрі мен жетістіктерін сөз етті. 

Қоғамдық жұмысшылар  мұнда бір апта болады. Осы аралықта шеберлік сағаттар өткізіледі, тәжірибе алмасады.

Жастарды  ата-ананы, үлкендерді сыйлауға, қоғамдағы тазалықты сақтауға, ортада өзін дұрыс ұстауға үгіттейтін қоғамдық ұйым мүшелері бір-бірімен көптен таныс.

Өйткені, мұндай іс-шара  жыл сайын  өткізіліп тұрады. Бұған дейін бірнеше елде болған скаутшы жастар қазақтың салт-дәстүріне, қонақжайлылығына, табиғатына таңданыстарын жасырмады.

Шатыр тігумен басталған алғашқы күн концерттік шарамен жалғасты.

Бейбіт Түкешов, студент:

Скауттық заңның ең бастысы  - үлкендерді сыйлау. Қазақстандық жастарға скаутпен айналысу қажет. 

Хабарламаларға жазылу