Үндістанда тасқын жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда тасқын жүрді

23.06.2023

Үндістанның солтүстік-шығысында үздіксіз нөсер жауып, тасқын жүрді. Ассам штатында өзендер арнасынан асқан. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті биліктің дерегінше, апат аймағында 45 мыңдай адам тұрып жатыр. Тасқын жүрген ауылдарда қалып қойған тұрғындарға шұғыл көмек ұйымдастырылды. Қайырымды іске еріктілер де тартылған. Әдетте Үндістанда осы кезеңде жаңбырлы маусым басталады. Билік өкілдері табиғи апаттың салдары ауыр болмас үшін ерте қамдануды әдетке айналдырған.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу