Есік қаласындағы атысқа қатысы бар күдіктілер қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есік қаласындағы атысқа қатысы бар күдіктілер қолға түсті

29.07.2022

Есік қаласында болған атысқа қатысы бар күдіктілердің бәрі қолға түсті.

Күдікті ретінде 1992 және 1999 жылы туған үш бірдей жергілікті тұрғын қамауға алынды. Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, жанжал кезінде қолданылған қару-жарақ тексеріліп жатыр.

Еске саламыз, 22 маусымнан 23-не қараған түні жергілікті ауруханаға ауыр жарақатпен 18 бен 30 жас аралығындағы екі азамат жеткізіліп, олардың бірі сол түні көз жұмған болатын.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу