Жамбыл облысы Шу ауданында атысқа қатысы күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы Шу ауданында атысқа қатысы күдіктілер ұсталды

26.09.2022

Оқиға 25 қыркүйек күні түнгі 12.00 таман болған. Көлікпен қыдырып жүрген жастарды әлдекімдер соңынан қуып жетіп, қарудан оқ атқан. Ата-аналардың айтуынша балалары сол күні туған күн тойлауға шыққан. Атыстан кейін Шу аудандық ауруханасына жарақатпен 23, 25 және 26 жастағы азамат жеткізілген. Өкінішке қарай олардың бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталған. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, үшінші адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ал бой тасалап үлгерген тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Алмас Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары:
 Аталған дерек бойынша ҚК-99 бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен қылмысқа қатысты барлық тұлғалар анықталды. Олардың екеуі 22 мен 27 жасар Шу қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Үшінші тұлғамен тергеу жүргізіліп жатыр, төртінші күдікті халықаралық іздеуге жарияланды. Одан басқа, күдіктілерден 3 дана қару тәркіленіп алынды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.


Хабарламаларға жазылу