Қызылордада оқушыларға оқ жаудырған бұзақылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада оқушыларға оқ жаудырған бұзақылар ұсталды

20.12.2021

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам кентінде бұзақылардың жанжалы атысқа ұласып, қаскөйлердің оғынан үш оқушы жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, оқ жаудырғандар автобус аялдамасында тығылып тұрған жігіттерді көздеген.

Бірақ бытыраның ұшқындары сол жерде тұрған үш жасөспірімге тиген. Бірі көзінен, бірі мұрнынан жарақат алған екі оқушы қыз дереу Байқоңыр қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Олардың өміріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Көп ұзамай полицейлер атысқа қатысы бар деген 9 адамды ұстады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері басталды.


Қызылорда

Хабарламаларға жазылу