Агротехника алуға 40 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агротехника алуға 40 млрд теңге бөлінеді

28.07.2022

Елде егін жинау науқаны басталмай тұрып, агротехниканы жеңілдікпен беру бағдарламасы іске қосылады. Ауылшаруашылығы министрлігі осылай деп хабарлады. Сонымен бірге несие беру үшін 40 млрд теңге бөлінеді. Министрлікте жауаптылардың қатысуымен жиын өткен. Қаржыландыруды «Бәйтерек» холдингіне еншілес ұйымдар жүзеге асыратыны айтылды. Бұған дейін фермерлер қауымдастығы агротехника алу үшін несиені бастапқы жарнасыз беруді сұрап, Президентке хат жолдағанын еске саламыз. Олар елде техниканың 80%-ы ескіргенін жеткізді. Енді жеңілдетілген несие беру бағдарламасы басталса, мыңнан аса трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік туады.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу