Медициналық көмекке келесі жылы 2 трлн 800 млрд теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық көмекке келесі жылы 2 трлн 800 млрд теңге бөлінеді

06.12.2023

Медициналық көмекке келесі жылы 2 трлн 800 млрд теңге бөлінеді. Қаражаттың басым бөлігі МӘМС жүйесіне аударылады. Қазір әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдері басталды. Денсаулық сақтау ұйымдарынан өтінім 12 желтоқсанға дейін қабылданады. Қор өткен жылы мемлекеттік сатып алуға 2,5 триллион теңге бөлген. Келесі жылы қаржыландыру 12 пайызға өседі.


Хабарламаларға жазылу