Жеңілдетілген несие: Агротехника сатып алуға 113 өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген несие: Агротехника сатып алуға 113 өтініш түсті

16.08.2022

Агротехниканы жеңілдікпен алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 113 өтініш түскен. Жауапты министрлік енді 9 млрд 300 млн теңгеге 93 трактор, 52 комбайн сатып алынатынын хабарлады. Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 5 тамызда басталған. Жеңілдікпен техника беруге 40 млрд теңге бөлінгенін еске саламыз. Қаржыға мыңға жуық шаруа агротехника сатып алады деп жоспарланып отыр. Лизинг мерзімі 10 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%, бастапқы жарнасыз, қарызды қайтару бойынша 1 жылға дейін жеңілдік беріледі.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу