Түркияда орман өрті өршіп тұр
Осы аптада Түркия аумағында күн күрт ысыды. Ел аумағында орман өрті жиілеп, диқандардың бау-бақша өнімдері күйіп кетіп жатыр. Мамандар алдағы он күнде ыстық қайтпайды деп отыр.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Дәл қазір Ыстамбұлда сағат кешкі бестен асты, күннің қызуы шамалы қайтты, дегенмен әлі де шамамен 32-33 градус ыстық. Синоптиктер алдағы күндері 38-40 градусқа дейін барады деп отыр. Ал елдің оңтүстік жақтарында тіпті ауа температурасы 40 градустан да асады. Күннің ыстығынан қазір Түркияның оңтүстік батысындағы Измир, Айдын, Чанаккале сияқты өңірлерінде қайта-қайта орман өртеніп жатыр. Дегенмен ол ормандар елдімекендерден ұзақ, тау басындағы алқаптар. Ал теңіз жағалауындағы демалыс аймақтарында өрт қаупі жоқ.Түркияның ішкі істер министрлігі өрт қаупі жоғары болғандықтан барлық ел аумағында жаздың соңына дейін тұрғындардың ормандарға кіруіне тыйым салды.
Жергілікті диқандар ыстықтың зардабын тартып отыр. Аптаптың кесірінен пісуге таяп қалған жеміс-жидектер мен бақша өнімдері де қурап кетіп жатыр. Бірқатар өңірлерде диқандар пісіп тұрған өнімді жинау үшін түнде жұмыс істеуге мәжбүр. Ал қалада тұратын халық хауыздар мен теңізді жағалап салқындап жүр. Синоптиктер шамамен бір-апта он күнге дейін аптап ыстық әлі сақталады деп болжауда. Сондықтан мамандар әзірге мәжбүрлік болмаса далаға көп шықпауға кеңес береді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10