«Қазақконцерт» жаңа маусымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақконцерт» жаңа маусымын бастады

17.09.2022

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 62-ші маусымын бастады. Өнер ордасы биыл «Ел бірлігі-Жаңа Қазақстан» гастрольдік турын ұйымдастырып отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Ұжым басшысының хабарлауынша концерттік тур қарашаның 5-не дейін еліміздің 6 облысындағы 10 моноқалада жалғасады. Сондай-ақ өнер ұжымы халық әртісі Роза Бағланованың туған жеріне барып, арнайы мерекелік шара ұсынбақ.

Ақтоты Райымқұлова, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

Бұл сапардың аясында «Астана мюзикл» мемлекеттік театры Қызылорда өңірінің халқына «Роза Бағланова» және «Достар серті» спектакльдерін сахналайтын болады. Қызылорда облысының Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарына және Байқоңыр қаласының тұрғындарына концерттік бағдарламаларымызды ұсынуды жоспарлап отырмыз.


Хабарламаларға жазылу