Атырауда жол белгілері талапқа сай салынбаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жол белгілері талапқа сай салынбаған

19.07.2022

Атырауда талапқа сай салынбаған жол белгісі тұрғындардың наразылығын тудырды.

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада су жаңа тас жолдағы жолақтың қалай болса солай сызылғаны көрсетіледі. Жол Құрманғазы ауданындағы жаңадан құрылып жатқан Шипажай елді мекенінде тиесілі екені белгілі болды. Әкімдік құрылыс жұмыстарының аяқталмағанын айтып отыр. Мердігер мекемеден әлі қабылданбаған. Жауаптылар жуық арада қалыпқа келтіреміз дейді.

Ж. Темірғали, Ө. Жаңабай

Хабарламаларға жазылу