Ақтөбе облысы Қарауылкелді аулының тұрғындары малдарын өріске шығара алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы Қарауылкелді аулының тұрғындары малдарын өріске шығара алмай отыр

24.05.2022

Ақтөбе облысы, Қарауылкелді аулының тұрғындары малдарын өріске шығара алмай отыр. Өйткені, ауыл жанынан салынып жатқан жолға арнайы өткел салынбаған. Ал, трассаның үстімен жүру адамға да, малға да қауіпті дейді тұрғындар.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Бұл ауылға жақын тұстағы жол асты суағары. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, кішкентай ғана құбыр салынған. Оның өзі жартылай құмға көміліп жатыр.

Республикалық маңыздағы жолдың құрылысы әлі аяқталған жоқ. Трассаны қолданысқа бергенде ауылдағы төрт түлікті қалай өргізетіндерін тұрғындар түсіне алмай дал. Бұл мәселені құзырлы орындарға бірнеше мәрте айтыпты. Алайда, шағымдары ескерусіз қалған.

Бақдәулет Байжанов, ауыл тұрғыны:

Біздің малдарымыздың өтуі проблема болып жатыр. Осы мал өтетін салынбаған. Қоршайды деп жатыр, жан-жағында ограждение болады дейді. Одан общым өту қиын.

Жол құрылысымен айналысып жатқан компания өкілдері барлық жұмысты талапқа сай атқарып жатқанын айтты. Мал өтуге ыңғайлы өткелдер де салынған. Ал, тұрғындар болса, ол бізге нағыз керек жерден қалдырылмаған дейді.

Нұрым Нұрлан, ауыл тұрғыны:

Малға арнап өткел жасалынбаған. Өткел тонау баста жасалынған сосын мына етектен жасалынған. Жалпы, ауылдан өтетін малдың интенцивный жағы осы. Бұл жерде 5-6 кезек қой, 500-ден, сосын жеке сауын сиырлар өтеді.

Аудан басшылығы салынып қойған жолды бұзып, өткелді қайтадан жасау мүмкін емес екенін айтады.Әрі оған қыруар қаржы керек.

Рүстем Раушанов, Байғанин ауданы әкімінің орынбасары:

Үш жерден қойылған скотопрогон жоба бойынша. Тұрғындар әр тұстан сұрайды. Ол да пәленбай миллиард қаржыны талап етеді. Жоба жасалынып кетті. Тапсырыс беруші мердігер автомобиль жолдары министрлігінде. Ол да жоғарыдан шешілетін мәселе.

Амалы таусылған тұрғындар енді бұл мәселе облыс, республика деңгейінде көтеріліп, шешілсе деген тілектерін жеткізді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу