Жамбылда ақылы жол талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда ақылы жол талапқа сай емес

02.04.2024
0:00:00
0:00:00

Жамбылда транзиттік көлік тақымдаған жүргізушілер ақылы жолдың 25 жыл бойы жөндеусіз жатқанына наразы. Жуалы ауданына қарасты ескі Күйік асуының тоз-тозы шыққан. Бұл бағыт «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» күре жолының айналма жолы ретінде қолданылады.

Күніне 15 мыңнан астам жүк көлігі қатынайды. Ал ошақ орнындай ор-шұңқырлардан жүк көліктері жиі сынады. Жүргізушілер талапқа сай емес 20 шақырым жол үшін ақы алу тоқтатылсын деп талап қойды. Олар жолдың әр шақырымына 30 теңге төлейді. Шетелдіктер әсіресе Қазақстан жолдарымен қатынау қиын дейді. Бұдан бөлек, сервистік қызметтен жұрдай. Автобан бойында арнайы дәретхана мен автотұрақ атымен жоқ. «Қазавтожол» тарапы бұл учаске үшін ақы алмаймыз дейді. Алайда жүргізушілер мұны жоққа шығарды.

Әбдішәкір Саидов, жүргізуші:

Не үшін төлеп жатырмыз. Біз соны түсінбей жатырмыз. + мына ямадан қашам деп машинаға ұрып жатыр. Малды ұрып жатыр, адамды ұрып жатыр. Мұның барлығы жолдың жамандылығынан.

Серік Мырзағалиев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ департамент директорының орынбасары:

Ескі Күйік асуын күрделі жөндеуден өткізуді биыл бастаймыз деп отырмыз. Жол құрылысын жүргізетін компанияны конкурс арқылы таңдадық. Серіктестік өз жұмысын бастауға әзір. Келісімшарт бойынша 1 жылдан кейін жол учаскесін пайдалануға береміз.


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу