Ұлыбританиядағы 100-ге тарта қазақстандық елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы 100-ге тарта қазақстандық елге оралды

14.04.2020

Ұлыбританиядағы 100-ге тарта қазақстандық бүгін Петропавл әуе жайына келіп қонды. Жоспарға сай, олар Қостанайға баруы тиіс болған. Бірақ боранның салдарынан теріскейге жөнелтілді. Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері бірден облыс орталығындағы қонақүйлердің біріне орналастырылды. Енді талапқа сай, олар 2 тәулік карантинде болады. Ауру белгілері анықталмаса, өздері тұратын аймақтарға жөнелтіледі.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу