Атырауда аттракционда әткеншек үзіліп, балалар зардап шекті
Атырау қаласында ақылы ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, балалар жарақат алды. Оқыс оқиға Жайық жағасында орналасқан аттракционда болды. Зардап шеккен 4 балдырған жедел жәрдеммен дереу ауруханаға жеткізілген. Оларды толық тексеруден өткізген дәрігерлер жарақатын жеңіл деп сол күні үйіне жіберді. Куәгерлердің сөзінше қатты айналып тұрған әткеншек кенеттен тоқтап, шынжыры үзілген. Сол кезде бірнеше бала жерге құлаған. Қазір аттракционның жұмысы уақытша тоқтатылды. Балалардың ата-анасы шағым жазбаған. Айта кетейік, бұл аттракцион Жастар саябағына бір жыл бұрын қойылып, тек биыл ғана пайдалануға берілді.
Айша Талапкер, Облыстық полиция департаменті бөлімінің жетекші маманы:
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 141 бабы яғни балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06