Балаларға арналған «OZINSHE» алғашқы стриминг қосымшасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға арналған «OZINSHE» алғашқы стриминг қосымшасы іске қосылды

15.07.2022

Қазақ медиаконтентінде тағы бір жаңашылдық. Балаларға арналған «OZINSHE» алғашқы стриминг қосымшасы іске қосылды. Жаңа платформа мемлекеттік тілде қызмет көрсетеді, пайдаланушыларға 100% отандық контент ұсынылған. Алдағы уақытта сұранысы жоғары шетелдік үздік анимациялық туындыларды қазақ тіліне аудару жоспарланып отыр. Қосымша - бүгіннен бастап қолжетімді.

Асқар Омаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Бұл контентке мемлекеттен қаржы бөлінген жоқ. Бұл жағынан Ақпарат және даму министрлігінен тек ұйымдастыру және ақпараттық қолдау беріліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу