«Saqbol» мобильді қосымшасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Saqbol» мобильді қосымшасы іске қосылды

25.11.2020

Коронавирус инфекциясына бақылау жүргізу мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасы іске қосылды. Оны Android және App Store-дан жүктеп алуға болады. Қосымша жұмыс істеу үшін Bluetooth-ді сөндірмей, телефонды үнемі бірге алып жүру қажет. Өйткені, ПТР-тесттен өткен соң, телефонға 10 таңбалы код келеді. Тест нәтижесін білу үшін сол кодты «Saqbol» қосымшасына енгізу керек. Егер ол адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болса, ол туралы хабар осы қосымшаны орнатқан екінші адамға белгілі болады. Себебі, смартфондар шифрланған идентификаторлармен автоматты түрде алмасады.

Амангелді Сейітхан 

Saqbol мобильді қосымша

Хабарламаларға жазылу