Карантиндегілерді қадағалауға арналған «Smart Astana» қосымшасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантиндегілерді қадағалауға арналған «Smart Astana» қосымшасы іске қосылды

02.04.2020

Карантиндегілерді қашықтан қадағалауға арналған «Smart Astana» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантинде отырған азаматтар жергілікті әкімдіктің жіті назарында болады. Бақылау тікелей мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Сәйкесінше, әр адам өзінің ұялы телефонына қосымшаны орнатып, Wi-Fi, Bluetooth және геолокация тетігін қосып қоюы шарт. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметінше, елорда бойынша қосымшаны 210 мыңға жуық азамат жүктеген. Мұндай тәжірибе әлемнің оннан аса елінде қолданысқа ие.  


Хабарламаларға жазылу