Ұлыбританияда бір аптада 3 миллионға жуық адам ковид жұқтырған
Соңғы аптада Ұлыбританияда 3 миллионға жуық тұрғын ковид жұқтырған. Вирусологтарды, әсіресе, тез тарала бастаған Омикрон штамының Центавр деп аталатын жаңа нұсқасы алаңдатып отыр. Қазір бізбен тікілей байланыста Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова. Марина, елдегі эпидАхуалдың ушығуына не себеп?
Марина Бекенова, тілші:
Елде 3 миллиондай адам әлі күнге дейін ковидке қарсы вакцинаны мүлде салдырмаған. Сондықтан жағдай осылайша ушығып отыр, дейді мамандар. Парламент депутаттары екпе салдырмағандармен жұмысты екі есе күшейту керектігін айтады. Центавр мамыр айының басында алдымен Үндістанда, кейін АҚШ, Австралия, Германия және Канада сияқты 10 шақты мемлекетте анықталған. Ғалымдар оған «толық зерттелмеген, қауіпті індет»,-деп айдар тағып отыр.
Джон Кэмпбелл, ғалым:
Коронавирусқа қарсы жыл сайын екпе салдырып отыру қажет болуы мүмкін. Біз оны тұмау сияқты қабылдайтын боламыз. Бірақ індеттің жаңа түрлері жылдам пайда болып жатыр. Қазір беймәлім нәрселер өте көп. Біздің пандемиядан эндемияға ауысқанымызда еш күмән жоқ. Бірақ әрі қарай не болатыны белгісіз.
Марина Бекенова, тілші:
Ұлттық статистика қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Ұлыбританияда маусымның соңғы аптасында індет 2,7 миллион адамнан анықталған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 18 пайызға көп. Ал қайтыс болғандар саны шамамен 33 пайызға артқан. Ұлыбританияда коронавирустық шектеулердің бәрі алынып тасталғаны белгілі. Сырттан келген жолаушылардан ПТР тест нәтижесі мен вакцинация паспорты талап етілмейді. Сондықтан дәрігерлер аса сақ болу керек, дейді.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10